29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Бішкекте апатқа ұшыраған ұшақ салдарынан 30 адам мерт болды

16 қаңтар 2017 Қаралым: 3 603 Әлемде,  Оқиға
Наталья Селиверстова / РИА Новости
Фото: Наталья Селиверстова / РИА Новости

Алматы. 16 қаңтар. Ақпараттар орталығы.  Қырғыз Республикасы Шу облысында Гонконгтан Ыстамбулға ұшып шыққан Turkish Airlines авиакомпаниясының Boeing-747 жүк ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы  ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме  жасаған ҚырТАГ хабарлады.

Құтқарушылардың ақпарынша, жүк ұшағы Сокуукский ауданының Дача-Суу ауылы маңында сағат 07:30-да апатқа ұшырады. Алдын-ала ақпар бойынша, шамамен 15 үй зақымданған.  Әуе кемесінің өрті сөндірілді. 

ҚР денсаулық сақтау министрі Талантбек Батырәлиевтің айтуынша, ұшақ апаты салдарынан қаза болғандар саны 30 адамнан асып кетті. 

«Манас» әуежайындағы әуе апаты салдарынан 32 адам мерт болды. Олардың төртеуі – экипаж мүшелері ", — деді  Батырәлиев.

Министр атап өткендей, қазіргі таңда апат салдарынан қаза болғандардың кім екені нақтылануда. Құтқару жұмыстарын жүргізу туралы штаб ұйымдастырылған. 

Оқиға орнынан сегіз адам ауруханаға жеткізілген, оның алтауы бала, олардың барлығы бірнеше жерден жараланып, күйіп қалған.  

Дереккөз: КирТАГ

Тағы оқыңыз