Биыл жазда қазақстандық шипажайларда тынығу бағасы Т4 мыңнан Т50 мың аралығында
Алматы. 27 маусым. Ақпараттар орталығы. Биыл жазда қазақстандық шипажайларда тынығу бағасы Т4 мыңнан Т50 мың аралығында болады, деп жазады ҚазТАГ.
Мысалы, Алакөл көлінде «стандарт+» класындағы екі орындық номер шілдеде тамақсыз Т17 650 тұрады, ол 2016 жылғымен салыстырғанда Т3 мыңға қымбат. Орташа алғанда баға Т8 мыңнан Т26,5 мың аралығында. Бюджеттік туристер үшін бөлек секцияда екі төсек-орыны бар хостелдің бағасы сол кезеңге - Т3650 (2016 жылы Т3 мың болған).
Туристік агенттіктің менеджері Юлия Ререннің айтуынша поезд мәселесі қиын, ол күн ара қатынайды.
Алакөлдегі көптеген тынығу базаларындағы орындар тамыз айының ортасына дейін сатылып қойылған.
Менеджердің айтуынша, Алматы облысындағы Шонжыдағы ыстық суға жазда онша сұраныс болмайды. Себебі салқын су бассейні жоқ. Онда орташа алғанда бір күнге жәй күндері Т5 мыңға, демалыс күндері Т7 мыңға бір адам тыныға алады. Оған таңғы ас та кіреді.
Балқаштағы тынығу базасында 2 орындық стандарт номер шілдеде Т15 мың, «комфорт» - Т25 мың, сондай-ақ жекелеген отельдерде «көлге қарап тұрған номердің» бағасы тамақсыз, екі адамға Т50 мың.
Бурабайда жазғы үйде эконом-класстың бағасы биыл Т5 мыңнан Т7 мыңға қымбаттады. Стандарт 2 орындық номер Т18 мың, «люкс» - Т30 мың, таңғы асымен.
Қапшағай су қоймасының жағалауындағы тынығу зоналарында да баға қымбаттады. Туристерге таңғы аспен номер үшін Т19 мың төлеу керек, ол былтырғыдан Т4 мыңға қымбат.
Сарыағашта да баға үштен бірге қымбаттады. Мысалы, 2016 жылы Сарыағаштағы бір санаторийдегі баға бір адамға Т7,5 мың болса, биыл Т10 мың.
Шетелдік шипажайлардан Түркия, Хайнань және Мысыр шипажайлары сұранысқа ие. «Күйіп» бара жатқан жолдамалардың бағасы адам басына ұшуымен $400-500, әдеттегі жолдама $700-800 тұрады.
Дереккөз: КазТАГ

