Биыл Қазақстан мен Қытай арасындағы рейс саны артады
Алматы. 28 ақпан. Ақпараттар орталығы. Жұмыс сапары аясында ҚР инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек ҚХР көлік министрі Ли Сяопэнмен кездесті, деп хабарлады ҚР ИДМ баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар авиация байланысы саласында белсенді ынтымақтастық туралы келісті.
"Биыл Алматы-Бейжің әуерейсі аптасына 5-тен 7-ге дейін, ал, Астанадан Бейжіңге аптасына 2-ден 4-ке дейін артатын болады. Астана-Үрімжі және Алматы-Үрімжі бағыттарына қосымша рейстер шығатын болады", — делінген хабарда.
Сондай-ақ, ведомство басшылары транзиттік-көлік, теміржолмен және автомобильмен жүк тасымалдау, сонымен қатар, авиация салалары бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қытайдан Орталық Азия елдеріне, Ресей, Еуропа, сонымен қатар, Иран мен Таяу Шығыс елдеріне контейнерлік тасымалды арттыру өзекті мәселе болып табылады. Қытай-Қазақстан-Еуропа бағыты бойынша контейнерлік жүк тасымалдау ұтымды жол.
«Біз транзиттік-көлік саласындағы Еуразиялық әлеуетті мейлінше жүзеге асыруға мүдделіміз. Сарапшылардың бағалауынша, 2020 жылға қарай аймақтағы сауда көлемі 1,2 трлн. долларға жетеді. Ал, Қытай мен Еуропалық одақ арасындағы тауар айналым 800 млрд. долларды құрайтын болады, жүк тасымалының көлемі 170 млн. тоннаға дейін артады», - деп атап өтті Қасымбек.
Ақпар бойынша, Қытай-Еуропа бағыты бойынша 2016 жылы қаңтар-қараша айлары аралығында 725 пойызбен 62 816 контейнер тасымалданды. Ал, Еуропа-Қытай бағыты бойынша 30 187 контейнер тасымалданған. Пойыздардың орташа жылдамдығы тәулігіне 950 шақырымды құрайды.