26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Біз индустриялық нысандар салуды жалғастырамыз — Назарбаев

10 февраля 2016 Просмотры: 2 160

Алматы. 11 ақпан. Ақпараттар орталығы. Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан қолданып отырған дағдарысқа қарсы шараларға өзге мемлекеттердің шамасы жете бермейтінін айтты, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.

«Көптеген елдер қиын жағдайда қалды және әлеуметтік кірістерін қысқартуға, жобаларын тоқтатуға мәжбүр болып отыр, нәтижесінде жұмыссыздық өсуде. Біз индустриялық нысандар салуды жалғастырып, жаңа нарықтарға жол ашып отырмыз. Дағдарысқа қарсы біздің экономикалық саясатымыз тек экономикалық өсімнің жаңа жолдарын іздеу мен табуға ғана бағытталып отырған жоқ. Менің тапсырмаларымның бәрінің түпкі мақсаты – қарапайым адамның мұң-мұқтажы, оның әл-ауқаты мен тұрмысының тұрақтылығы», — деді Н. Назарбаев.
Хабарда айтылғандай, жиын барысында елдің 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы жоспарлар туралы Ұлттық экономика министрі Е.Досаев, мемлекеттік бюджеттің 2015 жылғы атқарылуы жөнінде Қаржы министрі Б.Сұлтанов, ақша-несие саясаты жөнінде Д.Ақышев баяндама жасады.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау қажеттігіне және мемлекеттік, салалық бағдарламаларға тиісті өзгерістер енгізу мәселелеріне тоқталды.