Бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасының жобасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының негізінде әзірленген
Бұл туралы Қазақстан үкіметініің селекторлық отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасымен жандандырылған.
Бағдарламаны жүзеге асыру 4 бағыт — бизнес бастамаларды қолдау, бизнесті салалық қолдау, валюталық қауіп-қатерлерді төмендету және «бір терезе» қағидасы бойынша қаржылық емес шараларды шоғырландыру — бойынша іске асырылады.
«Бірыңғай бағдарлама жобасы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және үйлестірілген өсімін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жұмыс орындарына қолдау көрсету және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға бағытталған. Оны жүзеге асыру өңірлік кәсіпкерліктің құрылымдарын әртараптандыруға жаңа серпін беруге, қаржылай емес қолдау шараларын жетілдіруге мүмкіндік береді», — деді Е. Досаев.