26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Болгариядан алаяқтық үшін іздеуде жүрген қазақстандық экстрадицияланды

17 қараша 2016 Қаралым: 2 639 Экономика,  Бизнес,  Құқық,  Қылмыс
Болгариядан алаяқтық үшін іздеуде жүрген қазақстандық экстрадицияланды

Алматы. 17 қараша. Ақпараттар орталығы. Қазақстанның Бас прокуратурасы Болгариядан қазақстандық азаматшаны экстрадициялады, деп хабарлады қадағалаушы ведомствоның баспасөз қызметінен. 

 

Хабарда айтылғандай, бүгін таңғы 5-те Бас прокуратура мен ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматшасын экстрадициялады.

 

Алматы қаласының ішкі істер департаменті 42 жастағы әйелді аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен іздестірген.  

 

 «Күдікті 2007-2010 жылдары АҚШ-тан көлік жеткізіп беремін деп алдау арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, қаржысын заңсыз иеленген. К. барлығы 26 млн теңге соманы иемденген», - делінген ҚР БП хабарында. 

 

Қазіргі таңда айыпталушы Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.  

Тағы оқыңыз