26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

БҰҰ азаматтық қоғам белсенділері Назарбаевтың АТОМ жобасынқолдады

1 февраля 2015 Просмотры: 1 136

Нью-Йоркте БҰҰ-ның штаб-пәтерінде ұйымның қызметімен таныстыру жөніндегі Қоғамдық комитет ұйымдастырған «БҰҰ 70 жылдығы» конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Конференция жұмысына қатысқан дүниежүзінің 800-ден астам ғалымдары, азаматтық қоғам өкілдері, студенттер мен басқа да белсенділер, БҰҰ тарихынан хабардар болды және осы уақыт ішінде ұйымның 51 мүше-мемлекеттен қазіргі кезде 193 мүше-мемлекетке дейін өскенін көреміз.

Ақпарат жәрменкесі барысында БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты Өкілдігі іс-шараға қатысушылардың назарына ҚР президенті Н. Назарбаевтың халықаралық бастамасы – АТОМ Жобасын ұсынды.

Қатысушылар Жобаға кең қолдау танытты. Делегаттар Қазақстандағы Кеңестік замандағы ядролық сынақтардың қайғылы тарихымен, ядролық қарусыздану үрдісіне еліміздің қосқан үлесімен танысты.

Конференцияның жүзден астам қатысушылары Ядролық сынақтарға жаппай тиым салу туралы шартының күшіне енуіне қол жеткізу және ядролық қарудан азат әлемге жетуге бағытталған маңызды жаңа қадам жасау туралы әлем үкіметтеріне арналған үндеуі бар АТОМ жобасының онлайн-петициясына қол қойды, деп мәлімдеді СІМ.