26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Даму БанкіПавлодар мұнай-химия зауытын жетілдіруді қаржыландырады

8 қаңтар 2015 Қаралым: 1 083

Қазақстанның Даму банкі (ҚДБ) Павлодар мұнай химия зауыты (ПМХЗ) жетілдіруді қаржыландырады. «Кілтпен тапсыру» келісімшартының құны $1,2 млрд астам. Жобаның басым бөлігі жапон банкілерінің клуб қарыздарының есебінен қаржыландырылады. ҚДБ қажетті қаражаттың  шамамен 25%-ын теңгемен несиелей 10 жылға дейінгі мерзімге құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізуге береді, — деп хабарланған банктің сайтында.

Жобаны жүзеге асыру зауытта шығарылатын мотор майларының сапасын К4 және К5 (Евро-4 және Евро-5 стандарттарына сәйкес) экологиялық сыныптарының талаптарына сәйкес болуына дейін арттыруға, сонымен қатар, кәсіпорынның мұнай өңдеу қуаттылығын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жетілдіру жұмыстары нәтижесінде зауыттың батыс сібір мұнайын өңдеу бойынша өнімділігі де жылына 5 млн-нан 7 млн тоннаға дейін ұлғайды, жылына 5 млн тоннаға дейінгі көлемде қазақстандық мұнайды өңдеу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Алғашқы екі қондырғылар кешенін іске қосқаннан кейін ПМХЗ 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап К4 санатты мотор жанармайын шығара алатын болады. Ағымдағы өндірісті тоқтатпай жүргізілетін зауыттың толық жетілдірілуі 2017 жылы аяқталады.

«Осылайша, Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытының екеуін жетілдіру жобаларын Даму Банкі ұзақ мерзімге қаржыландырады. Даму банкінің қаржылық қолдауымен Атырау МӨЗ жетілдіруінің бірінші кезеңі аяқталуда. Жобаның жалпы құны 2,9 млрд АҚШ долларын құрайды, жобаға қажетті 45%-ды ҚДБ қаржыландырды», — деп айтты атады ҚДБ басшысы Болат Жәмішев.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту бойынша ұлттық дамыту институты.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС — «ҚазМұнайГаз-өңдеу және марекетинг» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы. Қазақстандағы ең ірі мұнай өнімдерін өндіру кәсіпорны. «ПМХЗ» ЖШС – Қазақстандағы мұнай өңдеу тереңдігін 85% салмаққа дейін қамтамасыздандыратын технологиялық қондырғыларды жинақтайтын жалғыз кәсіпорын.