Демалыс күндері еліміздің солтүстік облыстарында нөсер жаңбыр күтіледі
Алматы. 16 маусым. Ақпараттар орталығы. «Қазгидромет» РМК 17-19 маусымда Қазақстанның солтүстік облыстарында нөсер жаңбыр, бұршақ және қатты жел соғады деп болжауда.
"Белсенді циклон Еділден Қазақстанның солтүстік облыстары арқылы Батыс Сібірге қарай жылжып келеді. Сондықтан, бұл жерлерде демалыс күндері жаңбыр, қатты бұршақ, кей жерлерде екпінді жел 17-25м/с және ауа температурасы нормадан 2-5ºС төмендеуі күтілуде", — делінген хабарда.
Республиканың қалған аумағында осы циклондармен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, найзағай кезінде желдің күші 15-20м/с болып, ыстық босаңсыйды деп күтілуде.
Астанада 17 маусымда жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +20+22°С, күндіз +33+35°С. 18-19 маусымда жаңбыр, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15+17°С ... +21+23°С, күндіз +26+28°С…+33+35°С.
Алматыда 17 маусымда жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +30+32°С. 18-19 маусымжа өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18+20°С…+20+22°С, күндіз +32+34°С.


