Демалыс күндері Қазақстанның барлық дерлік аумағында күн күркіреп, нөсерлетіп жауын жауады
Алматы. 14 шілде. Ақпараттар орталығы.15-17 шілдеде Қазақстанның барлық дерлік аумағында күн күркіреп, нөсерлетіп жауын жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Синоптиктердің болжамынша Қазақстанның барлық дерлік аумағында күн күркіреп, нөсерлетіп жауын жауады, кей жерлерінде бұршақ жауады. Бұл ретте ауа температурасы да осы маусымға тән мәнге жақын болады», - делінген жұма күнгі хабарда.
Бұл ретте тек Қазақстанның батысында ғана ауа температурасы +30+37 градус, кей жерлерінде +40ºС болады.
Консультативтік болжам бойынша Астанада 15,16 және 17 шілдеде ала бұлтты, кейде жауын, күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстік батыстан 9-14 м/с жел тұрады, күндіз ауа температурасы сәйкесінше, +22, +25 және +25 градус болады.
Алматыда 15 шілдеде ала бұлтты, түнде күн күркіреп, өткінші жауын жауады, 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы +26+28. Ал 16-17 шілделерде ала бұлтты, күн күркіреп, өткінші жауын жауып, 2-7 м/с жел соғып, күндіз +28+30 градус болады.


