26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Жамбыл облысында заңгерлер еңбек дауларын шешуге тегін көмектесуде

20 сәуір 2016 Қаралым: 1 648

Алматы. 21 сәуір. Ақпараттар орталығы. Жамбыл облысында тегін заңгерлік кеңес беретін қоғамдық қабылдау жұмыс істеуде. Бұл туралы аймақтық орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысы кәсіподақ орталығының төрайымы Бақыт Сапарбаева хабарлады.


«Кәсіби орталықтың заңгерлік қызметі мен салалық кәсіподақтармен 12 жеке еңбек даулары қаралды, олардың басым бөлігі бойынша кәсіподақ мүшелерінің пайййдасына шешім шығарылды. Сонымен қатар, 23 кәсіподақ мүшесіне қатысты еңбек келісімшартын бұзбау туралы шешім шығарылды. Өткен жылдың қараша айынан бастап Жамбыл облысының Кәсіби орталығының жанынан қоғамдық қабылдау құрылып, жұмыс істеп келеді. Онда кез келген адам оның кәсіподақ мүшесі болуына, болмауына қарамастан еңбек даулары бойынша заңгерлік кеңес ала алады. Заңгерлік қызмет 19 кәсіподақ мүшесінің мүддесін тегін негізде сот органдарында қорғады»,- деп атап өтті спикер.

Күн сайын Кәсіби орталық еңбек қатынастары мәселесі бойынша азаматтарды қабылдайды, бүгінге дейін көмек сұрағандар саны 154 адамды құрады