Жәмішев Үлттық қордан бөлінген миллиардтарды ҚДБ қайда жұмсағанын айтты
18 Февраля 2016
1855
Жәмішев,
ҚазақстанДамуБанкі
Алматы. 18 ақпан. Ақпараттар орталығы. «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-да 2015 жылғы банк жұмысын қорытындылады.
2015 жылдың нәтижесі бойынша ҚДБ және оның еншілес ұйымы «ҚДБ-Лизинг» жалпы 283 млрд теңгеге барлығы 42 жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдады
Атап айтсақ, қарыз сомасы 186 млрд теңгеден астам сомаға 8 инвестициялық жоба (Қаратау қаласында қуаттылығы 15 000 тонна натрий цианидін өндіру зауытының құрылысы, Еуро-5 стандартты мотор жанармайының өндірісі, Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна жайма шыны өндіру және өңдеу зауытының құрылысы, Павлодар қаласында теміржол дөңгелектерін өндіру кешенін құру, Қызылорда облысының бес елді мекенін газдандыру, Ақтау қаласында минералды тыңайтқыштарды өндіретін зауытты жетілдіру 71,5 млрд теңгеге 9 экспорттық операция («RG Brands Kazakhstan» ЖШС, «Баян-Сұлу» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазцинк» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Маслодел» ЖШС, «Қазақстан Алюминиі» АҚ)
25,5 млрд теңгеге 25 лизингтік мәміле, оның ішінде Әзірбайжан темір жолдарына қазақстандық локомотивтер экспортын қаржыландыру.
Ұлттық қордан Даму банкіне 2014 жылдың соңында және 2015 жылы бөлінген 260 млрд теңгенің индустрияландырудың екінші бесжылдығы жобаларын жүзеге асыруға арналған қаражаты (75 млрд теңге) қаржыландыруға 100% мақұлданды, өңдеу өнеркәсібі тауарларының қазақстандық экспортын қолдауға (50 млрд теңге), жолаушылар вагондары өндірісіне (5 млрд теңге) және коммерциялық көлік техникасы лизингіне (4 млрд теңге) бөлінген қаражат 100% игерілді.
Ағымдағы жылдың 11 ақпанындағы жағдай бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі ірі жобаларды қолдауға бөлінген (бір қарыз алушыға қаржыландыру лимиті 200 млн теңгеден бастап 5 млрд теңгеге дейінгі соманы құрайды) Ұлттық қор қаражатының бірінші траншы аясында (50 млрд теңге) алдында ҚДБ тиісті несие келісімдерін бекіткен коммерциялық банктер 47 млрд 220 млн теңгеге 34 жобаны мақұлдады.
33 млрд 737 млн теңгеге 28 жобаны қаржыландыру басталды. Ұлттық қор қаражатының екінші траншы бойынша (50 млрд теңге) екінші деңгейдегі банктер 47 млрд 775 млн теңгеден астам сомаға 48 жобаны мақұлдады, 35 млрд 809 млн теңгеден астам сомаға 42 жобаны қаржыландыру басталды
Банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ шоғырландырылған несие қоржыны 2015 жылдың қорытындысы бойынша 2014 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 79%-ға ұлғайып, 1 трлн 456 млрд теңгеге жетті. Ұлттық валютаның құнсыздану әсерін ескермегенде, көрсеткіш 20%-ға өсті. ҚДБ активтеріндегі несие қоржынының үлесі 62%-дан 68%-ға дейін өсті
«Жалпы өткен жылдағы ҚДБ қызметінің оң нәтижелеріне несие қоржыны сапасына қатысты жүргізілген жұмыс арқасында қол жеткізілді. Валюталық талықсытпалар банк қаржыландырған теңге бағамының ауытқуына сезімтал бірқатар жобалардың экономикасына әсер етпей қоймады. Осыған орай банк бірқатар қарыздарды ең алдымен несие валютасын теңгеге ауыстыру арқылы қайта құрылымдады. Биылғы жылы біз жаңа жобаларды қаржыландыруды тоқтатпай, сондай-ақ «Нұрлы Жол» және жаңа индустрияландыру Бағдарламаларының аясында Ұлттық қордан бөлінген қаражатты игеру қарқынын төмендетпей қоржын сапасына қатысты жұмысты жалғастырамыз», — деді 2015 жылды қорытындылаған ҚДБ Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru В преддверии праздника Наурыз на железнодорожных перевозках будет открыто 35
ru Государственный контроль в Жетісу обеспечил снижение цен на СЗПТ
ru В 2025 году объём вложений в сферу туризма превысил 1,25
ru 1,5 млрд тенге выплачено в 2026 году ветеранам в виде
ru Министерство обороны предупреждает о незаконности услуг по «освобождению от армии»
ru Глава государства принял председателя правления АО НК «КазМунайГаз» Асхата Хасенова
ru Канал поставки опия пресечен в Мангистауской области
ru В Акмолинском гарнизоне проверили боевую готовность войск ПВО
ru Около двух тысяч единиц спецтехники задействованы в уборке снега в
ru Один из первых приговоров за сталкинг вынесен в Алматы
ru В Жетісу планируют реализовать агропроекты по принципу «поле – хранение
ru Проект новой Конституции вынесен на республиканский референдум
ru В Алматы увеличится количество ярмарок выходного дня
ru В Казахстане второй год тестируют тросовые ограждения для повышения безопасности
ru Активы организаторов интернет-казино 1Win конфискованы в доход государства
ru Полиция изъяла из оборота свыше полутонны наркотиков в Алматы
ru В Таразе на складе чуть не сгорели 10 тонн лука
ru Глава государства направил телеграмму поздравления Президенту Ирана
ru Двух мужчин арестовали в Шымкенте за навязчивое преследование женщин
ru Глава МИД Казахстана принял Посла Турции
ru В Караганде пройдёт выставка картин, которые можно увидеть в темноте
ru Более 56,5 млрд тенге получили многодетные семьи и награжденные матери
ru О повышении зарплат и снижении финансовой нагрузки для граждан доложил
ru Олжас Бектенов доложил Президенту о реализации поручений по укреплению экономики
ru Весенний призыв: мифы и правда
ru Министр обороны Казахстана встретился с Послом Китая
ru Электросамокаты признаются транспортом: предстоящие изменения были обсуждены в Алматы
ru В Караганде отметят Международный день дарения книг
ru Более 138 тыс. человек оказана адресная социальная помощь на 1
ru По направлению «Астана – Талдыкорган» запускается новый железнодорожный маршрут

+77772555856
Написать нам




