29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Жапония 5 маусымнан бастап қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдетеді

3 мамыр 2017 Қаралым: 2 883 Әлемде,  Туризм
amazingjapan.info
Фото: amazingjapan.info

Алматы. 3 мамыр. Ақпараттар орталығы. Жапония Орталық Азияның бес мемлекеті үшін визалық режимін жеңілдетеді, деп хабарлады Жапонияның сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.

«Орталық Азияның бес мемлекетінің (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан мен Өзбекстан) азаматтарына визалық талапты жеңілдету 2017 жылғы 5 маусымда күшіне енеді», - делінген Жапония СІМ сайтында жарияланған хабарда.

Қазақстандықтар жолдарын өздері көтеретін болса, виза үшін олардан кепіл құжаттар талап етілмейді.

Қазақстан сыртқы стер министрі Қайрат Әбдрахманов Ашғабадта «Орталық Азия + Жапония» диалогына қатысушы мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының 6-шы Кеңесіне қатысу аясында Жапонияның сыртқы істер министрі Фумио Кисидомен кездесті. Сұхбатшылар келісімшарттардың іске асырылу барысын қарастырды, сондай-ақ екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жәй-күйі мен келешегін, көпжақты форматтағы өзара ынтымақтастықты, оның ішінде БҰҰ қауіпсіздік кеңесіндегі күш жігерді үйлестіруді де талқылады.


Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз