26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Жеңістің 70 жылдығына орай Астанада ардагерлерге көмек көрсету үшін 579 млн теңге бөлінді

20 қаңтар 2015 Қаралым: 1 188

Астанада Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қолдау жөніндегі кең ауқымды акциялар мен іс-шараларды өткізу жоспарланған, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.

Бүгінде қалада Ұлы Отан соғысының 228 ардагері тұрып жатыр. Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  мәліметінше, Жеңістің 70 жылдығын атап өту аясында ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 579 млн теңге бөлінді.

Елордада атаулы күнге орай оқушылар арасында сурет және шығармалар байқаулары, шығармашылық фестивальдар, ардагерлермен кездесу кештері, концерттер ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, «Өмір жолы» әлеуметтік бағдарламасы жалғасын таппақ, арнайы «дабыл түймелері» сатып алынады, барлық ардагерлерді жедел көмек көрсету жүйесіне қосу жұмыстары жүргізіледі.

ТМД мемлекеттері басшыларының шешімімен 2015 жыл Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жылы болып жарияланды.