«Жер митингілерінің» мақсаты ұлтаралық алауыздықты қоздыру және билікті басып алу – бас прокуратура
Бүгін бас прокуратурада атап өткендей, бақылаушы орган тарапынан рұқсат етілмеген митингілерді ұйымдастыруға немесе оған қатысуға болмайтыны туралы ескертулерге қарамастан, жекелеген тұлғалар митингтер туралы заңнаманы елемей, адамдарды заңсыз шерулерге қатысуға итермелеп, арандатуға тырысты.
«Олардың түпкі мақсаттары – бейбіт шерулер немесе жер кодексін өзгерту емес, қоғамдық саяси ахуалды шиеленістіру, ұлтаралық алауыздықты қоздыру және билікті басып алу. Олар жаппай тәртіпсіздіктердің бүлікке, озбырлыққа, тонауға, тіпті адам шығынына әкеліп соқтыруы мүмкін екенін жақсы біледі. Ондай оқиғалардың салдары қандай боларына Ливия, Сирия, Египет және бірқатар бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер айқын мысал бола алады», - деп санайды бас прокуратурада.
Ведомствоның ақпарынша, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру үшін сан түрлі тәсілдер пайдаланылды.
Қызылорда қаласында тәртіп сақшыларына тас лақтырып, оларды күш қолдануға итермелеу әрекеттері жасалды.
Сосын, әлеуметтік желілерде тәртіп сақшылары өлтірді деп, ер адамның мәйітінің суреті таратылды. Шын мәнінде, бұл Қытайда болған оқиғадан түсірілген сурет болатын. Бұл ақпараттардың жалғандығы уақтылы әшкереленді.
Шығыс Қазақстан облысында полицияның назарын облыс орталығынан басқа жаққа аударып, Өскемен қаласында тәртіпсіздіктер ұйымдастыруды жеңілдету үшін бірқатар аудан орталықтарында алдын-ала шерулер ұйымдастыру жоспарланған.
Орал мен Атырауда бейбіт шеруді желеу ете отырып билікке күш қолдану, оның ішінде қару қолдану арқылы қарсы шығуға дайындықтар жасалған.
Арандатушылардың әрекеттері өзара келісілген сипатта болғаны туралы мәліметтер бар..
«Алматыда жүргізілген жедел шаралар барысында қалада жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға дайындалған бірқатар тұлғалар ұсталды. Онда қару-жарақ, оқ-дәрі, білтемірлер, «Молотов коктейлі» деп аталатын жанармайлар құйылған шөлмектер жасырылған қоймалар табылды», - деп хабарлады бақылаушы органнан.
Бұл ретте аталып өтккендей, мұның бәрі Президент мораторий жариялаған және жер заңнамасына қатысты ұсыныс енгізгісі келетін бүкіл азаматтар жұмысына қатысып жатқан Комиссия мен барлық өңірлердегі Қоғамдық Кеңестердің жұмысы басталған кезде болды.
Мемлекет тарапынан жер кодексіне байланысты өркениетті диалогқа және барша пікірлердің ескерілуіне барлық жағдай жасалды. Осылайша, түрлі өңірлерінде болған заңсыз акциялардың бәрі бір қолдан шыққандай әсер қалдырады.
Аталған қылмыстық істердің аясында осы құқыққа қайшы әрекеттердің заңсыз қаржыландырылуы зерттелуде, олардың қаржы көздері туралы ақпараттар тексерілуде.
Тергеу нәтижесі бойынша, арандатуға қатысы бар адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.
Алдағы уақытта Бас Прокуратура тергеу шараларының барысы туралы тұрақты түрде ақпарат беріп отыруға уәде берді.
фото: azh.kz
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru В Казахстане запускается система маркирования древесины
ru Утверждена региональная квота приема кандасов и переселенцев на 2026 год
ru На площади Абая пройдет двухдневный праздничный концерт «Кел, жаңа жыл!»
ru Гололед на дорогах: МВД обратилось к казахстанцам
ru В Алматинской области закуплено 490 единиц сельхозтехники
ru В Караганде ищут идеи для роботов-спасателей
ru Чем в Казахстане заменяют соль на дорогах
ru На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в
ru В Алматы стартует проект беспилотной доставки
ru В Астане стартует проект беспилотного такси
ru Более 700 астанчан приняли участие в новогоднем забеге
ru Президент утвердил концепцию развития АНК до 2030 года
ru На что тратят бюджетные деньги в Карагандинской области
ru Карагандинский стартап 4SELL.ai намерен покорить рынки ОАЭ и США
ru Более 1 370 проверок провели социнспекторы с начала года
ru Сенат одобрил поправки об усилении правовой защиты медицинских работников
ru АФМ выявлена схема хищения имущества АО «Qarmet» на 1,8 млрд
ru В Алматы установлены тактильные модели ключевых туристических объектов
ru В Астане с начала зимнего периода вывезено более 1 млн
ru Полиция выявила кражу ели в Акмолинской области
ru Глава государства ознакомился с деятельностью фармацевтических предприятий Жамбылской области
ru Пресечена схема незаконного завладения квартирами общей стоимостью в 2,3 млрд
ru Более 14,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса с начала
ru В этом году в Казахстане появились три новые СЭЗ
ru В Министерстве культуры и информации обсудили итоги работы с обращениями
ru Валовый выпуск продукции сельского хозяйства увеличился на 6,1%
ru Экспортный потенциал и новые рынки: Казахстан увеличил поставки зерна за
ru Корректировка Генплана Алматы учитывает развитие агломерации
ru Токаев поддержал идею двухуровневой дороге по пр.Кабанбай батыра в Астане

+77772555856
Написать нам





27 Мая 2016
1295