26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Жобалаушылар қазақстандық инвестордың араласуы Алматыдағы планетаридің құрылысын бір жылға тездетеді, деп отыр

14 маусым 2017 Қаралым: 3 064 Туризм,  Қоғам
zeiss.com
Фото: zeiss.com

Алматы. 14 маусым. Ақпараттар орталығы. Қазақстандық инвестордың араласуы Алматыдағы планетаридің құрылысын бір жылға тездетеді, деді Design Strategy Group компаниясының сәулеттік жобалар директоры Евгений Момот. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

«Біз Алматының Наурызбай ауданында салмақшы болып отырған мұражайлық-көрсетілімдік «Алматы планетариінің» құны 16,5 млрд теңге, құрылыс уақыты – 3 жыл. Бірақ қазақстандық инвестордың араласуы планетаридің құрылысын бір жылға тездетеді және де инвестиция ауқымы 1 млрд теңге болады. Біз ол жөнінде келіссөздерге дайынбыз», - деді Е. Момот сәрсенбі күні «Наурызбай» атты инвестициялық форумда.

Оның айтуынша, Қазақстанда теңдесі жоқ планетрий тек Алматының ғана емес, бүкіл Қазақстанның жаңа символына, өзіндік «туристік магнитіне» айналуы мүмкін.

«Қазір Қазақстанда екі планетарий бар, бірақ ол қоғамдық көпшілік баратын орын емес, олар ғылыми нысандар», - деп қадап айтты Е. Молот.

«Планетарийдің ауданы 76 мың шаршы метр болмақ және сыртқы пішімі жағынан қазақтың тақиясы іспеттес болады. Оның күмбезінің диаметрі 26 метр, ал сыйымдылығы 260 адам болмақшы. Жұлдызды аспанның панарамалық көрінісі көрсетілетін негізгі көрсетілімдік залынан басқа жобалаушылар Айдың көлемдік үлгісін жасамақшы. Оны көрермендер спиральдық сатымен көтеріліп жүріп көруіне болады. Сондай-ақ басқа да бірқатар «гамбургерлік емес форматтағы» аттракциондар болады.

«Ол көңіл көтерерлік ойын сауық емес, ғарыш туралы танымдық ақпарат беретін көрсетілім болады, онда ғарыш кемелерінің бір-біріне тоғысуы секілді көрсетілімдер көрсетіледі. Көрсетілімдер үш тілде болады», - деді Е. Молот.

Сондай-ақ кешен ішінде ғарышты игеру мұражайы мен ғарыштық кәдесыйлар дүкені болады.

Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз