26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«Жүк тасымалы» АҚ экс-басшысы 19 жылжымайтын мүлік нысанын заңсыз сатқан

28 қыркүйек 2016 Қаралым: 2 403 Экономика,  Бизнес,  Құқық,  Көлік
«Жүк тасымалы» АҚ экс-басшысы 19 жылжымайтын мүлік нысанын заңсыз сатқан

Алматы. 28 қыркүйек. Ақпараттар орталығы. Бас көлік прокуратурасы үшінші тұлға заңсыз сатқан мүлікті қайтару туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ шағым арызы бойынша сот актілерінің анализін жасады, деп хабарлады бақылаушы ведомствоның баспасөз қызметінен.  

 

Алматының Жетісу аудандық №2 аудандық сотының үкіміне сәйкес «Жүк тасымалы» АҚ бұрынғы президенті С.С.Мергенбаев 19 жылжымайтын мүлік нысанын заңсыз сатып жіберген, сол үшін қылмыстық кодекстің 182 бабы 3 бөлімі «б» тармағы бойынша (сенiмге қиянат жасау жолымен ұрлық белгiлерiнсiз аса ірі көлемде мүлiктiк залал келтiру).

 

Хабарда айтылғандай, бұрынғы президенттің аталмыш іс-әрекеті нәтижесінде мемлекетке 188 млн теңгеден астам сома залал келтірілген. 

 

Аталмыш келісімшарттар Алматы қ. МАЭС шешімімен жарамсыз деп танылды. Сот дауы барысында жылжымайтын мүлік нысандары үшінші тұлғаның  иелігінен шығарылды. 

 

ҚР БКП бастамасы бойынша осы келесім шарттарды жарамсыз деп тану жөнінде шағымдану жұмыстары басталды.   

 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 19 нысанының 15-і сот тәртібімен мемлекет меншігіне қайтарылды, ал 1 нысан бойынша сот тергеуі жалғасуда.   

 

Қалған Шымкен қаласы мен Отар пунктінде орналасқан 3 нысан (қойма мен жүк бөлімшелері) үшінші тұлғаның  иелігінде және меншігінде. 

 

Осыларды ескере келе, ҚР БКП «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға жоғарыда аталған нысандарды мемлекет меншігіне қайтару  бойынша шаралар қабылдауды талап еткен ұсыным жолдады. 

 

Қаралған ұсыным аясында Шымкент қаласы мен Отар пунктінде орналасқан 3 нысан мемлекетке қайтарылды және қазіргі таңда ол нысандарды «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметкерлері пайдалануда.  

Тағы оқыңыз