26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Жұма күні Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтілуде

14 шілде 2017 Қаралым: 2 272 Ауа райы
Жұма күні Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтілуде

Алматы. 14 шілде. Ақпараттар орталығы. Жұма күні Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.

Астанада ала бұлтты, кейде күн күркіреп, жауын жауады, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстоіктен, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы +19+21 градус шамасында.

Алматыда да ала бұлтты, кейде күн күркіреп, өткінші жауын жауады, 2-7 м/с жел соғады, күн күркірегенде желдің екпіні 12 м/с болады, +27+29 градус.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облысының кей жерлерінде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, +17+22, +18+23, +20+25 және +19+24 градус.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, ауа температурасы сәйкесінше, +17+22 және +23+28 градус.

Күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, ауа температурасы сәйкесінше, +25+30 және +29+34 градус. Оңтүстік Қазақстанда желдің жылдамдығы 23 м/с болуы мүмкін. Қызылорда облысында жауын күтілмейді, +25+30. Алматы облысының кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, +26+31.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақастан және Ақтөбе облысында жауын жаумайды, ауа температурасы сәйкесінше, +27+32, +28+33, +25+30 және +22+27 градус. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Отүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі өте жоғары болады.

Алдағы күндері елдегі оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады, оңтүстік-шығыстың жекелеген өзендерінде су деңгейі көтеріледі.


​

Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз