Жұма күні Қазақстанның оңтүстігі мен батысында ғана жауын-шашынсыз, күн ашық болады
Астана. 30 маусым. Ақпараттар орталығы. Жұма күні Қазақстанның оңтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз, күн ашық болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын жаумайды, оңтүстік-батыстан, солтүстік-батысқа 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы +33+35 градус шамасында.
Алматыда да ала бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел соғады, +28+30 градус.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, +30+35, +23+28, +26+31 және +20+25 градус.
Қарағанды облысының кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, +28+33. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, бұршақ жаууы мүмкін, +20+25.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында жауын жаумайды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, сәйкесінше, +30+35, +33+38 және +35+40 градус; Оңтүстік Қазақстан облысында шаңды дауыл соғады. Алматы облысында күндіз жауын-шашын күтілмейді, +27+32.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жауын жаумайды, сәйкесінше, +30+35, +33+38, +24+29 және +25+30.
Күндіз Ақмола, Қызылорда, Атырауда, Қостанай, Павлодар, Алматы, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі өте жоғары болады.
Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан; Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Атырау облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады.
Алдағы күндері елдің оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейі құбылып тұрады.
Дереккөз: КазТАГ


