Жұма күні Қазақстанның оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Астана.16 маусым. Ақпараттар орталығы. Жұма күні Қазақстанның оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.
Астанада көшпелі бұлтты, түстен кейін өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел тұрады, +30+32.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, +29+31.
Ақмола және Қостанай облыстарында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, +32 градус; Ақмола облысында кей жерлерде бұршақ жауады, Қостанай облысында – 15-20 м/с жел тұрады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, тұман, +28+33. Павлодар облысында күндіз күн ашық, +32+37.
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, сәйкесінше, +28+33 және+32+37; Қарағанды облысында 15-20 м/с жел тұрады; өңірлерде кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында күн ашық болады, сәйкесінше, +30+35, +34+39 және +34+39: кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Алматы облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, +27+32.
Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, сәйкесінше, +25+30, +24+29 және +22+27; Маңғыстау және Атырау облыстарында 15-20 м/с жел тұрады. Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, кей жерлерде күн күркірейді, +20+25.
Алдағы тәулікте Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде су көлемінің артуы байқалады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады.
Дереккөз: КазТАГ


