26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Жұма күні Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауынсыз болады

20 шілде 2017 Қаралым: 1 997 Ауа райы
Жұма күні Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауынсыз болады

Алматы. 21 шілде. Ақпараттар орталығы. Жұма күні Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауынсыз ауа райы болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасаған ҚазТАГ.

Астанада ала бұлтты, кейде күн күркіреп, жауын жауады, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы +26+28 градус шамасында.

Алматыда да ала бұлтты, күн ашық, 0-5 м/с жел соғады, +31+33 градус.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, ауа температурасы сәйкесінше, +23+28, +22+27, +25+30 және +25+30; Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы сәйкесінше, +23+28 және +20+25 градус.

Күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысында күн ашық, +29+34, +33+38 және +34+39 градус. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Алматы облысында жауын жаумайды, +30+35.

Маңғыстау облысында жауын жаумайды, +33+38. Батыс Қазақастан облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жауын жауады, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, +28+33.

Атырау, Ақтөбе облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жауын жауады, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, +34+39 және +30+35 градус.

Күндіз Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі өте жоғары болады.

Алдағы күндері елдегі оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады.


Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз