26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Жыл сайын Қазақстанда шамамен 60 мың ұялы телефон қолды болады 

16 мая 2016 Просмотры: 2 766
Жыл сайын Қазақстанда шамамен 60 мың ұялы телефон қолды болады 
Алматы. 17 мамыр. Ақпараттар орталығы. Полицейлер мен ұялы байланыс операторлары ұрланған ұялы телефондарды бұғаттауға келісті. Ұрланған жағдайда ұялы телефон IMEI-коды бойынша бұғатталады, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің баспасөз қызметінен. 

Ағымдағы жылдың сәуірінде бас прокуратураның бастамасы бойынша Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен ұялы байланыс операторлары ұрланған ұялы абоненттік құрылғыларды бұғаттау бойынша өзара қарым-қатынас туралы Меморандумға қол қойды.

«Аталмыш құжатты әзірлеу мен қабылдауға ұялы байланыс құрылғыларының ұрлануына қатысты орын алып отырған жағдайлар себеп болып отыр. Жыл сайын Қазақстанда 60 мыңдай ұялы байланыс құрылғылары ұрланады екен, оның ішінде ішкі істер органдары оның 2,5 мыңын ғана тауып, заңды иелеріне қайтара алған», - делінген хабарда.

«Байланыс туралы» Заңға, сондай-ақ ұялы байланыс қызметін ұсыну ережелеріне сәйкес, абонент тиісті өтініш жазған кезде ғана IMEI-коды бойынша абоненттік құрылғылар жұмысын ұялы байланыс операторы уақытша тоқтатады. 

Алайда үнемі бұлай бола бермейді. Белгілі болғандай, көптеген қазақстандықтар бұл механизм туралы білмейді, енді біреулері уақыттары жоқтығынан немесе басқа да себептерге байланысты өтініш бергілері келмейді. 

Енді, қол жеткізілген келісімге сәйкес, ішкі істер органдары ұялы телефондары ұрланған жәбірленушілерге ұялы байланыс операторының атына ұялы телефонының жұмысын IMEI коды бойынша бұғаттау арқылы уақытша тоқтату туралы міндетті түрде өтініш жазу керектігін түсіндірулері керек. 

"IMEI-коды бойынша ұялы байланыс құрылғыларының жұмысын уақытша тоқтата тұру тәжірибесін кеңінен қолдану мақсатында ішкі істер органдары арқылы ұялы байланыс операторларының атына өтніш беру қажеттігін хабарлаймыз", - делінген комитет хабарында.