Жыл соңына дейін әр қазақстандыққа электрондық денсаулық төлқұжатын енгізеді
Астана. 11 мамыр. Ақпараттар орталығы. Биылғы жыл соңына дейін әр қазақстандыққа электрондық денсаулық төлқұжатын енгізеді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа сілтеме жасаған ҚазТАГ.
«Электрондық денсаулық төлқұжатына келсек. Ол денсаулық сақтаудың бірыңғай платформасын құру жөніндегі үлкен жобаның бір бөлігі ғана. Ол - тиісті сервер, онда әр азаматтың өзінің жәшігі болады, немесе, біз айтып отырғандай, денсаулығының электрондық төлқұжаты болады. Қазір ол Астанада 9-шы емхана базасында енгізіліп жатыр. 1 шілдеге дейін ол денсаулықтың электрондық төлқұжатын әзірлеуді аяқтамақшымыз. 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін біз онда мәліметтер енгіземіз», - деді бейсенбі күні Е. Біртанов үкіметтегі баспасөз мәслихатында.
«Біздің елдің әр азаматында денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай платформасында ЖСН арқылы өзінің электрондық төлқұжатына кіру мүмкіндігі болады. Ол денсаулықтың барлық параметрлері туралы және медициналық көмек туралы ақпарат береді. (...) Біздің жоспарымызша, жыл соңына дейін жоба бітуі керек», - деді министр.
Оның айтуынша, кезеңмен пациенттердің өздері медициналық қызметкерлерге онлайн-жазылу, нақты уақытта консультация алу, ІТ-технологиялардың көмегімен пациенттерді бақылау жүйелері енгізіледі.
Дереккөз: КазТАГ


