26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Жылжымайтын мүлік құқығын енді Интернет арқылы тіркеуге болады

27 ақпан 2015 Қаралым: 896

Ағымдағы жылдың басынан Қазақстанда жылжымайтын мүлік құқығын баламасыз электронды түрде тіркеуге болады, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» (ҰАТ) АҚ.

«Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтарды нотариуста құқық белгілеуші құжаттарды рәсімдеу кезінде тіркей алады. Енді құжаттарды ХҚКО өткізу мен әділет органдарының шешімін күту қажет емес. Мәмілеге тұрғаннан кейін нотариус құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеуге өтінішті рәсімдейді, бірегей нөмірі бар хабарламаны ұсынады да төлем сомасын береді» — дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бахтияр Қожахметов.

ҰАТ мәліметінше, электрондық тіркеу – бұл құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтарды мемлекеттік реттеу қызметі. Құжат көшірмесі мәмілені нотариалдық растаудан кейін Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесінен «Жылжымайтын мүлік регистрі» мемлекеттік деректер қорына келіп түседі.

Жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтарды тіркеу бір тәулік ішінде нотариус өтінішті тапсырғаннан кейін және клиент төлем төлегеннен кейін жүзеге асырылады.