Діни сенімге еркіндік жасалған елде бүлік ұйымдастыру үлкен күнә – Оразбаев
Алматы. 13 маусым. Ақпараттар орталығы. Ғұламалар кеңесінің мүшесі Зәріпбай Оразбаев діни сенімге еркіндік ұсынылған елде қарулы бүлік ұйымдастыру үлкен күнә деп атады, деп хабарлады Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының баспасөз қызметінен.
«Қазақтардың тарихында, тіпті ру-тайпа қатынастары кезінде де ешқашан діни алауыздық болған емес. Ақтөбедегі теракт – бұл жат идеологияны ұстанып жүрген радикалдардың әрекеті. Экстремистік топтардың жауыздығын «мемлекетке қарсы әрекет деп атауға болады. Бұл үлкен қате және діни сауатсыздық», - деді З. Оразбаев.
Оның айтуынша, діни тұрғыдан қарасақ, мемлекетке қарсы әрекет етуге арналған нақты жағдайлар бар.
«Егер елде исламға қатаң түрде тыйым салынса, діни жоралғыларды жүргізуге күштеп тыйым салынса, онда мұндай әрекеттер ақталады. Ал егер исламға рұқсат етілген, барлық діни жоралғылар жасалатын, көптеген мешіттер мен медреселер салынып жатқан елде орын алған аталмыш жағдайлар үлкен күнә болып табылады. Экстремистердің мұндай әрекеті Али ибн Абу Талиб кезіндегі бүлікшілердің әрекетіне ұқсайды», - деді ғалым.
Ол осындай бейбіт заманда кінәсіз адамдарды өлтіру Ислам заңының барлық қаталдығы бойынша жазалануы тиіс екенін атап өтті.