Дмитрий Баландин жүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды
Алматы. 30 қараша. Ақпараттар орталығы - Жүзуден Қазақсан чемпионатының үздігі Дмитрий Баландин Қазақстан чемпионатындағы үшінші алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
50 метрқашықтықта брасс әдісімен жүзу бойынша Дмитрий Баландин көш бастады. Аталған қашықтықты ол 27, 19 уақытта бағындырды. 29,01 нәтижесімен Айбек Камзенов екінші орыннан көрінсе, 29, 63 көрсеткішімен Нұрдіулет Жұмағали үздік үштікті қорытындылады. Айта кетерлігі, Дмитрий Баландин осыған дейін Қазақстан чемпионатында 100 және200 мқашықтықты бойынша бірінші болған.
Дереккөз: ҚазАқпарат


