Дүйсенбі күні Астанада күн күркіреп, өтпелі жауын жауады, ал Алматыда жауын-шашынсыз
Алматы. 10 шілде. Ақпараттар орталығы. Дүйсенбі күні Астанада күн күркіреп, жауын жауады, Алматыда күн ашық, деп хабарлайды РМК«Қазгидромет» баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.
Метеоболжам бойынша, Астанада ала бұлтты, жауын-шашын, күн күркірейді, солтүстік-батыстан 9 -14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады, ауа температурасы күндіз +25+27°C болады.
Алматыда ала бұлтты, 5 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз 36°С шамасында.
Дереккөз: КазТАГ


