ЕАЭО аясында бизнесмендер үшін кедендік бақылау қауіп-қатерлерді басқару жүйесі негізінде жүзеге асырылады
Бұл жөнінде Астанада болған брифингте ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті кедендік рәсімдер департаментінің директоры Дина Мамашева мәлімдеді, деп хабарлайды үкімет басшысының сайты.
«ЕАЭО аясында электронды мағлұмдауды енгізу қауіп-қатерлерді басқару жүйесі негізінде кедендік бақылау жүргізуге мүмкіндік береді», — деді Д. Мамашева.
Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде қауіп-қатерлерді басқару жүйесі бірдей емес, себебі ұлттық заңнамаға сәйкес анықталады.
«Бізде қауіп-қатерлерге тәсілдің жалпы қағидалары бар, бірақ қауіп-қатерлер жүйесі, осы жүйемен жұмыс жасау тәсілдемесі әр елде жеке дара», — деді ол.
Ағымдағы жылы инвестор компаниялар үшін кедендік мағлұмдаудың жеңілдетілген процедураларын әзірлеп, енгізу және инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша кедендік қызмет көрсетуге көшу жоспарланған.