26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ЭКСПО-2017 аясында 6 мыңнан астам мәдени іс-шара өткізу жоспарлануда

28 января 2016 Қаралым: 2 046

Алматы. 28 қаңтар. Ақпараттар орталығы. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 6 мыңнан астам мәдени іс-шара өткізуді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді бүгін алқа мәжілісінде ведомство басшысы Арыстанбек Мұxамедиұлы, деп хабарлады премьер-министрдің сайтынан.

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының шешімімен ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне ЭКСПО-2017 аясындағы іс-шараларды ұйымдастыру жүктелді. Ведомство кешендік бағдарлама әзірледі, оның аясында алты мың бұқаралық мәдени іс-шара өткізу қарастырылған», — дедіА. Мұxамедиұлы.

Министр атап өткендей, «ЭКСПО» аясында отандық мәдениетті таныстыру Қазақстанның халықаралық имиджін қалыптастырудағы басты шара болмақ.

Хабарда айтылғандай, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне 200 елдің ұйымы қатыспақ. Қазіргі таңда 70 ел өздерінің ресми қатысуын растады, тағы 26-сы қатысуға сәйкес келісім-шарттарға қол қойды. Үш ай ішінде көрмеге 5 млн қонақ қатысады деп жоспарланып отыр.