26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ЭКСПО-2017 билеттерін 10 шілдеге дейін ғана ең арзан бағамен сатып алуға болады  

12 июня 2016 Просмотры: 2 150
ЭКСПО-2017 билеттерін 10 шілдеге дейін ғана ең арзан бағамен сатып алуға болады  
Алматы. 13 маусым. Ақпараттар орталығы. Қазақстанда ЭКСПО-2017 билеттерін 10 шілдеге дейін ғана ең арзан бағамен сатып алуға болады, деп мәлім етті   «Астана ЭКСПО-2017» ХК» АҚ Коммерцияландыру департаменті директорының м.а. Рада Исламова Астанадағы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде. 

«Билеттік бағдарлама әр қазастандық көрмеге келе алатындай етіп жасалған. Сонымен 10 маусымнан бастап билеттерді онлайн сату басталды.  Оған қоса 1 ай, яғни 10 шілдеге дейін ең төмен бағалардың промо-кезеңі болады.  10-20 маусым аралығында барлық сатып алушылар үшін 50% жеңілдік болады. Мәселен, күні көрсетілген билетті жұмыс күндері бар болғаны 2000 теңгеге, демалыс күндері 3000 теңгеге сатып алуға болады.  21-30 маусым аралығында 30% жеңілдік болады, ал 1 - 10 шілде аралығында 20% жеңілдік болады», - деді Р. Исламова.

Оның айтуынша, 10 шілде – 10 тамыз аралығында туроператорлар үшін промо-кезең болады, ал 1 қыркүйектен бастап Қазақстанның барлық аймағы бойынша офлайн кассалар жұмысын бастайды.  

Сонымен қатар, көрменің ұйымдастырушылары Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жетім балалар мен 6 жасқа дейінгі балаларға көрмеге еркін кіру мүмкіндігін ұсынуды жоспарлауда.  Сондай-ақ, зейнеткерлерге, көп балалы аналарға, студенттер мен оқушыларға жеңілдіктер қарастырылуда.