Елбасы әлеуметтік салада ешқандай үнемдеу жоспарланып отырмағанын айтты
Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Оның айтуынша, қазір ұкімет үнемдеу саясытын жүзеге асыруда. Министрліктердің, агенттіктердің, комитеттердің саны азайтылған. Қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» Ұлттық қорындағы, министрліктер мен ведомстволардағы бейінді емес активтерден арылу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Орталық мемлекеттік органдардың өкілеттіктері жергілікті жерлерге берілуде. Барлық осы жүйелі жұмыс қаржыны үнемдеуге бағытталып отыр.
«Бірақ, әлеуметтік салада ешқандай да үнемдеу жоспарланып отырған жоқ. Біздің халықты зейнетақымен қамсыздандыру, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, жәрдемақылар – мұның барлығы қысқармайды», — деді Н. Назарбаев.