• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және оның қорытындысына арналған бірлескен баспасөз мәслихатына қатысты

Отырысқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Президенті Серж Саргсян және Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты.

Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақты 2015 жылдан бастап іске қосу және оның шетелдік серіктестермен өзара ықпалдастығы мәселелерін қарастырды.

Отырыс барысында мемлекет басшылары ЕАЭО органдарының қызметін регламенттеуге, Одақ Соты мен Комиссиясын құруға және оның жұмысына, сондай-ақ Т.Мансұровты Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі aлқасының мүшесі (министр) етіп тағайындауға байланысты бірқатар шешімдерге қол қойды.

Сонымен қатар, президенттер 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғызстан Республикасының қосылуы туралы шартқа қол қойды.

Қазақстан Президенті отырыс қорытындысы арналған баспасөз мәслихатындағы сөзінде 2015 жыл тарихқа еуразиялық ықпалдастықтың жаңа кезеңі ретінде кіретініне тоқталды.

– Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енеді. Еуразияның ұланғайыр кеңістігінде тұңғыш рет ерікті, теңқұқылы және өзара тиімді негізде қуатты табиғи және ресурстық әлеуеті, жаһандық және өңірлік ауқымда стратегиялық маңызды көлік, энергетика және технологиялық жүйесі бар экономикалық бірлестік құрылады, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев елдеріміз ХХІ ғасыртың сын-қатерлеріне жауап бере отырып, экономикалық әлеуетті біріктіргенін атап көрсетті.

– Еуразиялық экономикалық одақ ең алдымен қарапайым адамдар мен олардың мүдделері үшін құрылды. Балтықтан Тынық мұхитына дейінгі, Арктикадан Тянь-Шаньға дейінгі орасан кеңістікте Одаққа мүше мемлекеттердің 180 миллионға жуық азаматтары бизнес жүргізуге, еркін сауда мен жұмыспен қамтылуға, коммуникацияларды пайдалануға, өңіраралық ынтымақтастық пен өзара гуманитарлық ықпалдастықты  кеңейтуге тең мүмкіндіктер алады. Берік экономикалық іргетас құру арқылы біз елдеріміз бен халықтарымыздың арасындағы достықты, тату көршілік пен сенімді нығайтамыз, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қатысушы елдер бүгінде татулықтың, келісімнің, өзара пайда мен қолдаудың  ұзақмерзімді бағытын таңдағанына назар аударды.

– Экономикалық тұрғыдан ықпалдаса отырып, біз саяси егемендіктің, мәдени тәуелсіздіктің және халықтарымыздың тілдік бірегейлігінің мызғымас қағидаттарын нығайтамыз. Сонымен бірге, әлемдік нарықтардағы тұрақсыздық, санкциялық саясат, әлемнің жетекші державалары арасындағы сенімнің әлсіреуі, саяси ахуалдың ушығу қаупі Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасу үдерісіне ықпал ететін болады. Біз бұл сын-қатерлердің бәрін ескереміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті еуразиялық экономикалық ықпалдастық идеясын жүзеге асыруға атсалысқандардың барлығына ризашылығын білдірді.

– Біздің одақ құруға бастаған жолымыз екі онжылдықққа созылды. Ол менің 1994 жылы М.Ломоносов атындағы ММУ-де сөйлеген кезімде ұсынылған идеядан нақты іс жүзіндегі шешімге айналды. Әрбір еліміздің ұлттық мүдделелері, экономикалық мүмкіндіктері ескерілген барлық қажетті мемлекетаралық құжаттарды дайындау үшін орасан жұмыс атқарылды. Мұның ар жағында сарапшылардың, саясаткерлердің, депутаттардың, бизнес пен мемлекеттеріміздің жұртшылық өкілдерінің зор еңбегі тұр, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО қызметінің шарттарын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтты.

– Біз ықпалдастығымыз өзге мемлекеттер үшін экономикалық серіктестіктің тартымды үлгісіне айналып, ЕАЭО-қатысушылар саны ұлғаюы үшін бәрін жасауға тиіспіз. Біздің экономикалық одақ – әлемнің барлық ықпалдастық бірлестіктерімен, соның ішінде Еуропалық одақпен де өзара тиімді ынтымақтастық үшін ашық ұйым. Елдеріміздің барша азаматтарын Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен құттықтаймын, — деді Қазақстан Президенті.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в

ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля

ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО

ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью

ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте

ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии

ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение

ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области

ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков

ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше

ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих

ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения

ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре

ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в

ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте

ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»

ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта

ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске

ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино

ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице

ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию

ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования

ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду

ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий

ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области

ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО

ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве

ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе