Елбасы инновациялық даму мәселелеріне арналған кеңеске қатысты
Іс-шара алдында Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы базасында ұйымдастырылған инновациялық жобалар көрмесін аралап көрді. Оның барысында отандық экономиканың түрлі салаларындағы бірқатар инновациялық әзірленімдер таныстырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты.
Кеңесті ашқан Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес ғылымды қажетсінетін экономика құрудың маңыздылығына тоқталды.
– Бұл міндет менің соңғы Жолдауымда да қойылып отыр. Инновациялар өнімділік пен еңбек тиімділігін күрт ұлғайтуға алып келуі тиіс. Мемлекет инновацияның өсуін қолдайды. Соңғы 5 жылда бұл саланы қолдау көлемі үш есе өсіп, 50 миллиард теңгеге жетті. Бәлкім, абсолюттік өлшем жөнінен бұл соншалық көп емес болар, бірақ өсім қарқыны біраз нәрсені аңғартады. Ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) арналған жиынтық шығыстар 49 миллиардтан 74 миллиард теңгеге дейін өсті, соның 30 миллиарды жеке сектор есебінен қаржыландырылды. Патент алу белсенділігі жағынан Қазақстан 141 елдің ішінде 42-орында. Елімізде инновациялық кластерлер қалыптасуда, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы инноваторларды даярлау мектеп қабырғасынан басталатынын атап өтті.
– Біз білімді дамыту жағын ойластырдық. Зияткерлік мектептер құрылды, оған ең талантты балалар қабылдануда. Шетелде жұмыс істейтін отандық ғалымдар елге орала бастады, мұнда оларға тиісті жағдай жасалуда. Инновацияны дамытудың алғышарттары деген осы, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті инновациялар қазақстандық өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратынына назар аударды.
– Кедендік одаққа қатысушы ел әрі Дүниежүзілік сауда ұйымының болашақ мүшесі ретінде біз үшін бұл маңызды мәнге ие. Мен жастарымызға тағы да айтамын – ғылыммен айналысыңыздар. Мемлекет өз тарапынан инновациялық жұмыстың дамуын жан-жақты қолдайды, – деді Мемлекет басшысы.
Кеңес барысында Инвестиция және даму министрі Ә.Исекешев инновациялық даму саласындағы ахуал туралы баяндады. Оның айтуынша, инновациялық белсенділік үлесі 2009 жылмен салыстырғанда 2 есе ұлғайған және 2014 жылдың қорытындысы бойынша 10 пайызды құрауы тиіс. Бұл көрсеткішті 2020 жылға қарай 20 пайызға, ал ІЖӨ инновациялық өнімдердің үлесін 2,5 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр. Соңғы уақытқа дейін қаралған 3500-ден астам жобаның 577-сі мақұлданып, қолдау тапты.
Сонымен қатар жиын барысында Алматының инновациялық дамудағы рөлі мен үлесі туралы қала әкімі А.Есімов баяндады.
Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов өз баяндамасында мемлекеттік қолдаудың маңызы артып келе жатқанын атай отырып, ҒЗТКЖ-ға арналған шығыстар көлемін 2050 жылға қарай ІЖӨ-нің 3 пайызына дейін жеткізу жоспарланып отырғанын айтты.
Ал Назарбаев Университетінің президенті Ш.Катсу осы жоғары оқу орнының инновацияны қолдаудағы жаңа жүйе ретіндегі рөліне тоқталды.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru В Казахстане запускается система маркирования древесины
ru Утверждена региональная квота приема кандасов и переселенцев на 2026 год
ru На площади Абая пройдет двухдневный праздничный концерт «Кел, жаңа жыл!»
ru Гололед на дорогах: МВД обратилось к казахстанцам
ru В Алматинской области закуплено 490 единиц сельхозтехники
ru В Караганде ищут идеи для роботов-спасателей
ru Чем в Казахстане заменяют соль на дорогах
ru На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в
ru В Алматы стартует проект беспилотной доставки
ru В Астане стартует проект беспилотного такси
ru Более 700 астанчан приняли участие в новогоднем забеге
ru Президент утвердил концепцию развития АНК до 2030 года
ru На что тратят бюджетные деньги в Карагандинской области
ru Карагандинский стартап 4SELL.ai намерен покорить рынки ОАЭ и США
ru Более 1 370 проверок провели социнспекторы с начала года
ru Сенат одобрил поправки об усилении правовой защиты медицинских работников
ru АФМ выявлена схема хищения имущества АО «Qarmet» на 1,8 млрд
ru В Алматы установлены тактильные модели ключевых туристических объектов
ru В Астане с начала зимнего периода вывезено более 1 млн
ru Полиция выявила кражу ели в Акмолинской области
ru Глава государства ознакомился с деятельностью фармацевтических предприятий Жамбылской области
ru Пресечена схема незаконного завладения квартирами общей стоимостью в 2,3 млрд
ru Более 14,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса с начала
ru В этом году в Казахстане появились три новые СЭЗ
ru В Министерстве культуры и информации обсудили итоги работы с обращениями
ru Валовый выпуск продукции сельского хозяйства увеличился на 6,1%
ru Экспортный потенциал и новые рынки: Казахстан увеличил поставки зерна за
ru Корректировка Генплана Алматы учитывает развитие агломерации
ru Токаев поддержал идею двухуровневой дороге по пр.Кабанбай батыра в Астане

+77772555856
Написать нам





08 Декабря 2014
726