26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Елімізде 15 қыркүйекте тұмауға қарсы екпе жасау басталады

4 сентября 2020 Қаралым: 1 190 Медицина
Елімізде 15 қыркүйекте тұмауға қарсы екпе жасау басталады

Алматы. 4 қыркүйек. Ақпараттар орталығы  - «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы тұмауға қарсы екпенінің 2 млн-нан астам дозасын сатып алды, деп хабарлайды Хабар 24.

 Бұл шамамен халықтың 11 процентін қамтуға жеткілікті. Сонымен қатар аумақтардағы денсаулық сақтау басқармалары қосымша 753 мың  900 дозаға тапсырыс берді. Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. «Елімізде тұмауға қарсы екпе 15 қыркүйекте басталады. Әдеттегі мерзімген 2 апта ертерек. Бұл эпидемиологиялық маусымда туындайтын тұмау секілді ауруларға қарсы мықты иммунитет қалыптастыруға септігін тигізеді», - деді. Тұмауға қарсы екпенің күші 6 айдан 12 айға дейін сақталатынын айтып өтті. Сонымен қатар екпе жасау үшін 5 мыңнан астам егу кабинеті дайындалған.  


Дереккөз: Хабар 24

Тағы оқыңыз