• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Елордада құны 30 миллион теңге тұратын есірткі тәркіленді

Алматы. 19 қараша. Ақпараттар орталығы - Арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан шамамен 20 келі есірткі заты тәркіленді. Оның қара базарда бөлшек сауда кезіндегі құны 30 млн теңгеден асып жығылады, деп хабарлайды Aiqyn.

Елорда полициясы есірткі сатушыларды ұстауға бағытталған ауқымды арнайы операция өткізді, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел іздестіру шараларын өткізу барысында Жеңіс көшесі бойында бұған дейін істі болған 39 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Оның сөмкесін тінту барысында гашиш салынған 13 полиэтилен пакеті табылды. Сондай-ақ күдікті тұрып жатқан пәтерді тінту барысында гашиш салынған 3 полиэтилен пакеті және сатуға дайын есірткі салынған 32 түйіншек тәркіленді.

«Арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан шамамен 20 келі есірткі заты тәркіленді. Оның қара базарда бөлшек сауда кезіндегі құны 30 млн теңгеден асып жығылады. Елорда аумағына есірткі жеткізуге және сатуға қатысы бар қылмыстық тізбенің өзге де қатысушыларын анықтауға бағытталған жедел іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған адамның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі, 297-бабы 3-бөлігі және 287-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті 10-нан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол Нұр-Сұлтан қалалық ПД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

 

Источник: Aiqyn

ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в

ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля

ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО

ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью

ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте

ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии

ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение

ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области

ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков

ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше

ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих

ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения

ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре

ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в

ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте

ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»

ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта

ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске

ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино

ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице

ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию

ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования

ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду

ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий

ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области

ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО

ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве

ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе