Елші Е. Қазыханов британдық компанияларды «ЭКСПО-2017» көрмесінің жұмысына белсенді атсалысуға шақырды
Елші Е. Қазыханов Ұлыбритания Парламентінде өткен «Каспий өңірі: өзгермелі геосаясат және бағалардың мұнайға тигізетін әсері» атты семинарға қатысты, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Ол өз баяндамасында Қазақстанның экономикалық дамуының басты бағыттарын айқындайтын президент Н№ Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауына ерекше назар аударып, алдағы 3 жыл ішінде Қазақстан экономикасына инфрақұрылым және бизнесті дамыту мақсатында 24 млрд. доллар қаражат тартылатынын атап өткен.
Семинарға қатысушылар Қазақстан үшін аса маңызды стратегиялық жобалардың бірі – Еуразиялық Экономикалық Одақтың құрылуы өңірлік экономикалық байланыстарды нығайтуды көздегені туралы хабардар болған.
Е. Қазыханов Қазақстанда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі және «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» теміржол желісі секілді бірқатар халықаралық жобалар іске асырылып жатқанын айтқан.
«Елші бұрынғы Кеңес елдері кеңістігінде өткізілетін алғашқы ірі іс-шара болып табылатын Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің Қазақстан үшін кең ауқымды мүмкіндіктер ашатынын атап көрсетті. Е. Қазыханов британдық жетекші компанияларды көрме жұмысына белсенді атсалысуға шақырды», — делінген СІМ хабарламасында.