• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

ЕҚДБ «ҚазТрансГаз» АҚ екі жобасын жүзеге асыруға 294 миллион еуро бөледі 

Алматы. 26 мамыр. Ақпараттар орталығы. Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Президенті Сума Чакрабарти мен «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы Қайрат Шәріпбаев Астанада газ саласындағы бірнеше қазақстандық жобаны қаржыландыру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметінен. 

Қол қойылған құжаттарға сәйкес ЕҚДБ «ҚазТрансГаз» АҚ 294 миллион евро бөледі.

«Қаражаттың бір бөлігі «Бозой» жерасты газ қоймасының қуатын ұлғайту, оның сенімді, қауіпсіз және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында оны реконструкциялау мен жаңғыртуға жұмсалатын болады», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда. 

ЕҚДБ екінші жобаның шеңберінде Маңғыстау және Ақтөбе облыстары елді мекендерінің газ тарату желілерін жаңғырту, реконструкциялау және жаңадан салу жөніндегі жобаларды іске асыру үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға 52 миллион евро бөледі. 
.
Бөлінген қаражатқа аталған облыстардың елді мекендерін газдандыру, ескірген газ желілерін жаңарту жүргізіледі. Тұтас алғанда, табиғи газ тұтынушылар саны 12 мың абонентке ұлғаяды..

«Біз Қазақстанмен бірге «Жасыл» экономика тетіктерін әзірлеу бойынша дәйекті жұмыс жүргізіп жатырмыз, өйткені неғұрлым таза энергия көздеріне көшу жедел нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Газ көмірмен салыстырғанда неғұрлым таза энергия көзі болып табылады және жаңартылатын энергия көздерін толықтыруға мүмкіндік береді. Біз ҚазТрансГаз компаниясымен ынтымақтастықтың басталғаны үшін және болашақ орнықты экономикаға қарай осындай маңызды қадамдар жасай отырып, Қазақстанмен тығыз әріптестігімізді жалғастырып отырғанымызға қуаныштымыз» - деп мәлім етті Сума Чакрабарти кредиттік келісміге қол қою барысында, 
Қайрат Шәріпбаев түсіндіріп өткендей «атқарылған жұмыстар әріптестер тарапынан оң бағаланып, сенімдерін арттырып отыр, сондықтан Европалық банкпен одан әрі басқа да бірлескен жобалар жүзеге асырылуы мүмкін».

«Өткен жылы ғана «ҚазТрансГаз» ең ірі екі жобаны іске асырды, олар: «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының үшінші желісі және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры пайдалануға берілді. Барлық жаңа жобалар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға және транзиттік мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға бағытталған», - деп атап өтті ол.

«ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
 

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru С Новым годом!

ru В Казахстане запускается система маркирования древесины

ru Утверждена региональная квота приема кандасов и переселенцев на 2026 год

ru На площади Абая пройдет двухдневный праздничный концерт «Кел, жаңа жыл!»

ru Гололед на дорогах: МВД обратилось к казахстанцам

ru В Алматинской области закуплено 490 единиц сельхозтехники

ru В Караганде ищут идеи для роботов-спасателей

ru Чем в Казахстане заменяют соль на дорогах

ru На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в

ru В Алматы стартует проект беспилотной доставки

ru В Астане стартует проект беспилотного такси

ru Более 700 астанчан приняли участие в новогоднем забеге

ru Президент утвердил концепцию развития АНК до 2030 года

ru На что тратят бюджетные деньги в Карагандинской области

ru Карагандинский стартап 4SELL.ai намерен покорить рынки ОАЭ и США

ru Более 1 370 проверок провели социнспекторы с начала года

ru Сенат одобрил поправки об усилении правовой защиты медицинских работников

ru АФМ выявлена схема хищения имущества АО «Qarmet» на 1,8 млрд

ru В Алматы установлены тактильные модели ключевых туристических объектов

ru В Астане с начала зимнего периода вывезено более 1 млн

ru Полиция выявила кражу ели в Акмолинской области

ru Глава государства ознакомился с деятельностью фармацевтических предприятий Жамбылской области

ru Пресечена схема незаконного завладения квартирами общей стоимостью в 2,3 млрд

ru Более 14,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса с начала

ru В этом году в Казахстане появились три новые СЭЗ

ru В Министерстве культуры и информации обсудили итоги работы с обращениями

ru Валовый выпуск продукции сельского хозяйства увеличился на 6,1%

ru Экспортный потенциал и новые рынки: Казахстан увеличил поставки зерна за

ru Корректировка Генплана Алматы учитывает развитие агломерации

ru Токаев поддержал идею двухуровневой дороге по пр.Кабанбай батыра в Астане