• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Ғашықтық дерті – ғаламат 

Тамыз айында «31 арна» қазақстандық телекөрермендерге жаңа сый жасайды. Түркиядағы ең үздік телехикаялардың бірі «Ғашықтық дерті» (Kara sevda) – сүйікті арналарыңызда! Сырлы сезім, нәзік махаббат пен жігіттер арасындағы бақталастық қатар өрілген тамаша телехикаяның басты кейіпкерлері – жігіттің серісі Бурак Озчивит және нәп-нәзік Неслихан Атагүл.  

 Телехикаяның сценарийі бірегей, сюжеті детективтік желіге құрылған, ал бәрінен бұрын сымбаты мен мінезі жарасқан талантты актерлері кейіпкерлерінің образын жан-жақты ашып, көрермендердің таңдайын қақтырады.  Режиссері – осыған дейін бірнеше телехикаяларды өмірге әкелген Түркияға танымал танымал режиссер Хилаль Сарал. 

«Ғашықтық дертіндегі» Түркияның жасыл желекке толы алқабы, тарихы терең елдің қарапайым халқының, дәулетті әулеттердің өмір салты, жан тебірентер әуендері мен тамаша әндері көрермендерді тәнті қылады.   

Әйгілі «Сүлеймен сұлтан» телехикаясында Бали Бейдің рөлін сомдаған талантты актер Бурак Озчивит, қалың көпшілікке сондай-ақ «Сары шымшық», «Кішкентай құпиялар. Стамбул сырлары», «Еріксіз күйеу» сынды телехикаялардағы рөлдері арқылы танымал. Ал «Ғашықтық дертінде» кедей шахташы болып жүріп, аяқ астынан байып, үлкен дәулетке ие болатын Кемаль атты жас жігттің рөлін сомдайды. 
 


Тағдыр Кемалға кенеттен тосынсый жасайды. Ол үріп ауызға салғандай Нихан атты сұлу студент қызға ғашық болады. Нихан да оны бір көргеннен ұнатады. Алайда, екі ғашық екі әлемнің өкілі. Бірі – байдың қызы, екіншісі – кедей жігіт. Олардың алдында – үлкен таңдау тұр. Үлкен өмірге қадам басу үшін шешім қабылдауға тиіс. Әйткенмен, тағдырдың тәлкегімен Кемаль ғашығымен айырылысуға мәжбүр болады. Сөйтіп ол өмірден үлкен сабақ алып, сезімін жүрегінің түкпіріне жасырып, шахтада жұмыс істеу үшін Зонгулдак қаласына кетіп қалады. Ал Нихан дәулетті отбасынан шыққан Эмир атты қатыгез жігітке еріксіз тұрмысқа шығады. Содан бастап Кемаль мен Ниханның жолы екіге айырылады. Бірін-бірі ессіз сүйген екі ғашық махаббаттан біржола күдер үзгендей болады... 

 Алайда өмір өз дегеніне көндіреді екен. Кемаль жұмыс істейтін шахтада орын алған апат – оның тағдырын мүлде басқа арнаға бұрып жібереді. Соның арқасында ол танымастай болып өзгеріп, Нихан мен Эмирде, өзін тағдырынан қашуға мәжбүр еткен адамдарда кеткен кегін қайтару үшін Стамбулға қайта оралады. 

 Бұл хикаядан көрермендер адамның бағы бір сәтте жанып, бір сәтте уысынан сусып кетуы мүмкін екенін, әлеуметтік теңсіздіктің қолыңды жіпсіз байлауы да, күрескер болып қалыптасуға ықпал етуі де мүмкін екенін түсінеді. Тағдыр кез келген бітпеген оқиғаға нүкте қояды. Бейтаныс жан деп жүргенің жақының болып, ал жақыныңды мүлде танымайтын болып шығуың да ғажап емес. 
 


Махаббат дерті – жүрекке айықпас жара салады. Ол – көзсіз, азапқа толы, алайда мәңгілік таусылмайтын ғажайып сезім.  

8 тамыздан бастап дүйсенбі мен жұма аралығында 21.00-де 31 арнада.  

Отыз бірінші арна – таңғалдыратын, шабыт пен мейірім сыйлайтын, қызықты, қауіпсіз, бүкіл отбасына арналған ұлттық ойын-сауық арнасы. Арнаның ұраны – «Отбасымен бірге көрейік!».  

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Джеки Чан снимает новый блокбастер в Мангистау

ru В Астане обнаружили скрытые точки наркоторговли

ru В области Жетісу построят завод по утилизации и переработке отходов

ru Порядка 296 тыс. человек охвачены активными мерами содействия занятости с

ru В Костанайской области запущена новая солнечная электростанция

ru Глава государства поздравил вновь избранного Президента Швейцарии

ru Количество сделок купли-продажи жилья уменьшилось на 3,1%

ru В Казахстане вдвое сокращена очередь в детские сады для детей

ru О пресечении мошеннической деятельности сообщили в КНБ РК

ru В Жамбылской области ведётся строительство пяти газотурбинных установок

ru Спасатели обратились к астанчанам

ru Касым-Жомарт Токаев и Масуд Пезешкиан выступили с совместным заявлением

ru Учащихся начальных классов столичных школ перевели на онлайн-обучение

ru В Актюбинской области по проекту «Серебряный возраст» трудоустроены 1 225

ru Рыбная отрасль демонстрирует рост

ru Мясная ярмарка «Соғым-FEST» вновь пройдет в эти выходные в Астане

ru Глава государства подписал Указ «О некоторых вопросах цифровизации в Республике

ru Президент принял председателя совета директоров Qarmet

ru Более 13 млн рецептов на лекарства выписано через «социальный кошелек»

ru 70-летнему покупателю вернули деньги за неработающий телефон с Wildberries

ru Казахстан усиливает производство автомобилей

ru Глава государства принял председателя Национального банка Тимура Сулейменова

ru Назначены послы РК в Чехии, Нидерландах и Люксембурге

ru Казахстан и Индонезия отмечают 32 года дипломатических отношений

ru Криминалисты раскрыли более 8 тысяч преступлений за 2025 год

ru Силами МЧС пожар в Астане полностью ликвидирован

ru С начала года госинспекторами труда защищены права более 55,1 тыс.

ru За 9 месяцев Алматы посетили 1,8 млн туристов

ru Какие мероприятия пройдут в Астане в честь Дня Независимости

ru 10-11 декабря Астану с официальным визитом посетит Президент Ирана