26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Грекия ҚР-да оңалту орталығын салуға 10 млн доллардан астам инвестиция салады

26 қыркүйек 2016 Қаралым: 2 095 Экономика,  Құқық
Грекия ҚР-да оңалту орталығын салуға 10 млн доллардан астам инвестиция салады

Алматы. 26 қыркүйек. Ақпараттар орталығы. «KAZNEX INVEST» АҚ және «EVEXIA» компанияларының басшылары Қазақстан-Грекия бизнес форумы барысында Қазақстанда оңалту орталығын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады ҚР премьер-министр сайтынан.    

Хабарда айтылғандай, Астанада екі елдің лауазымды тұлғалары және  іскер топтардың қатысуымен Қазақстан-Грекия бизнес  форумы өтті. Форум аясында қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық және Қазақстанда оңалту орталығын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жөнінде өзара түсіністік туралы екі меморандумға қол қойылды. 

«KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасы Борисбий  Жанғоразовтың  айтуынша, «EVEXIA» ірі грек компаниясы Қазақстанда оңалту орталығын салуға қызығушылық танытып отыр.

 «Бүгінгі күні ол танымал қызмет түріне айналуда. Бұл компания осы салаға оң тәжірибе әкелуі мүмкін. Инвестицияның көлемі шамамен 10 млн доллардан астам қаржыны құрайды. Грек компаниясы толық инвестицияны қарастыруда. Нақты құрылыс туралы айтуға әлі ерте, олар біздің нарықты зерттеп, бағасын береді. Содан кейін инвестициялық шешім қабылдайды», – деді Б. Жанғоразов.

Оның айтуынша, оңалту орталығы Астана немесе Алматы қаласында орналасады деп күтілуде.



Тағы оқыңыз