26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Индустрияландырудың бірінші бесжылдығында 12 мың жұмыс орыны ашылған

2 наурыз 2015 Қаралым: 1 054

Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы кезеңінде құрылыс индустриясы саласында және құрылыс материалдарының өндірісінде 179 жаңа өндіріс ошағы және 12 мың жұмыс орыны ашылды, деп хабарлайды ҚР инвестициялар және даму министрлігі.

Іске асырылған ең ірілерінің арасында 5 цемент зауыты, жалпы қуаты 1 млн 142 мың шаршы метр 13 үй құрылысы комбинаты, полимер құбырларын шығаратын қуаты 20 мың тонналық зауыт.

Бес жылдың ішінде метал-қыш, энергия үнемдегіш шыныпакетер, полимер-композиттік материалдардан санитарлық-техникалық бұйымдар, шыны-талшықты композитті пішіндер шығаратын өндірістер ашылған.

Индустрияландыру картасы аясында ашылған кәсіпорындардың 2014 жылы отандық құрылыс материалдарын шығарудағы жалпы көлеміндегі үлесі 114,5 млрд. теңге құраған.

Бес жылда цемент өндірісінің жалпы шығарылу көлемі 68%: 2010 жылғы 4,7 млн. тоннадан 2014 жылы 7,9 млн. тоннаға дейін өскен. Жылу изоляциялайтын материалдарын шығару 24,4 мың тоннадан 60,4 мың тоннаға дейін өсіп, ал пластмасса құбырларын өнімінің жалпы көлемі 2010 жылғы 85,3 мың тоннадан 2014 жылғы 113,1 тыс. тоннаға дейін көбейді деп хабарлайды министрлік.