26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Карабалаев пен Гавриленкоға қамауға алу мерзімі ұзатылды

23 января 2015 Просмотры: 1 115

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 287 бабының 3 бөлігімен және 104 бабының 1 бөлігімен, айыпкерлер Ғабит Карабалаевқа және Юрий Гавриленкоға қатысты қамауға алу мерзімін ұзарту туралы тергеушінің талап өтініші қаралды, — деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Алмалы аудандық сотының қаулысымен Ғ. Карабалаевты күзетпен ұстау мерзімі 2015 жылдың ақпан айының 17 дейін, ал Ю. Гавриленконың ұзарту мерзімі ақпан айының 19 дейін ұзартылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 17 қараша күні Ғ. Карабалаев Алматы колледжінде № 9 тобында алғашқы әскери дайындық пәні сабақ жүргізген. Сабақ жүргізу барысында, ол колледж оқушыларын бұрынғы колледж ұстазы Ю.Гавриленкодан қабылдап алған РГД-5 ұрыс гранатасының құрылысымен таныстырып, оны оқушылардың қолдарына ұстатып, гранатаның сақинасын тартпауын ескерткен.

Алайда, Ғ.Карабалаев үзіліс кезінде жарылғыш гранатаны оқу үстеліне тастап кеткен.

Сол мезетте, колледждің аталған топтың оқушысы РГД-5 гранатасының сақинасын тартып қалып, нәтижесінде жарылыс болған. Соның салдарынан бір оқушы жедел жәрдем келгенге дейін қаза болып, ал қалған оқушылар түрлі дәрежедегі жарақаттар алған болатын.