Хостинг компаниясында орын алған апат салдарынан бірқатар қазақстандық БАҚ сайттары жабық болып тұрды
Алматы. 17 маусым. Ақпараттар орталығы. PS.kz хостинг компаниясында орын алған апат салдарынан бірқатар қазақстандық БАҚ сайттары жабық болып тұрды, деп хабарлады ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев.
«Министрлікке дәл қазір көптеген қазақстандық сайттар жабылып тұр деген ақпарат келіп түсті. Біздің мамандар шұғыл түрде жағдайды анықтауға кірісті. Нәтижесінде ірі хостингтік PS.kz. компаниясының Data-орталығында апат орын алғаны анықталды», - деп жазды Д. Абаев жұма күні өзінің Facebook парақшасында
Оның айтуынша, қазір оны қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр