26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Көксай шатқалындағы қайғылы жағдайдың алдын-ала себебі аталды

21 ақпан 2017 Қаралым: 2 696 Оқиға
vladtime.ru
Фото: vladtime.ru

Алматы. 21 ақпан. Ақпараттар орталығы. Жамбыл облысындағы таулы жерлерге арналған қорықшылар полкінің 23 әскери қызметкерін қар көшкінінің басып қалуына аномальды ауа райы құбылысы себеп болған. Бұл туралы Today.kz жазғандай, үкімет отырысында ҚР қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов мәлімдеген.  

"Алдын-ала тексеру барысында қайғылы оқиғаның басты себебі жылдың бұл мезгілінде аталған шатқалға (Көксай) тән емес аномальды ауа райы құбылысымен байланысты екендігі анықталды. Жауын-шашын барысында ауа райы күрт жылынып, соның салдарынан тосыннан қар көшкіні орын алған", — деді Жасұзақов. 

Ол атап өткендей, қайғылы жағдайдың орын алуына бұдан басқа жалпы қызметтік жағдай да ықпал еткен.  

"Қазір оқу-жаттығуды ұйымдастыру, қауіпсіздік шараларын сақтау сынды бағыттарда тергеу жүргізілуде", — деді министр.

Ведомство басшысының ақпарынша, қаза тапқандардың отбасына бес жылғы жалақысы көлемінде біржолғы жәрдемақы төленеді, ол төрт миллионнан жеті миллион теңгеге дейін қаржыны құрайды. 

Еске салсақ, 17 ақпанда Жамбыл облысы Көксай шатқалында 91678 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері жоспарлы жаттығулар өткізіп жатқанда кенеттен қар көшкіні жүрген.

Оқу-жаттығуына барлығы 23 адам қатысқан, олардың 7-уі қаза тауып, 16-сы аман қалған. Аман қалғандардың сегізі Тараздағы әскери госпитальда жатыр.

Дереккөз: Today.kz

Тағы оқыңыз