26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды

8 января 2015 Просмотры: 1 152

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен және қалалық мәслихат депутаттары келісімінің негізінде Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды.

Ермек Боранбайұлы 1969 жылы туған, үш жоғары білімі бар, 1994 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын тарих пәні мұғалімі мамандығы бойынша, 2001 жылы «Тұран» университетін заңгер мамандығы бойынша, 2009 жылы Көкшетау университетін қаржы баклавры мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1991 жылы Астана қаласының №29 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, бокс бапкері болып бастады. 2008 жылғы тамыздан бастап Аршалы ауданының әкімі лауазымын, 2012 жылғы сәуірден бастап 2013 жылғы қыркүйек аралығында Зеренді ауданының әкімі лауазымын атқарды. Кейін 2014 жылғы маусымға дейін Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

Соңғы қызмет орны 2014 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің Мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды.