Көктемде ауа райы тұрақсыз болады деп болжануда
Алматы. 17 наурыз. Ақпараттар орталығы. Бүгін «Қазгидромет» РМК сарапшылары алдағы жартыжылдыққа арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады мемкәсіпорын баспасөз қызметінен.
Хабарда көрсетілгендей, Марина Шмидттің айтуынша, осы жылғы көктем тұрақсыз, наурыз айында ауа-райы жылы күндерімен қуантты, бірақ бұлтты қарлы күндермен ауысып отырды. Сонда да, синоптиктер Наурызға қолайсыз болжам береді: Қазақстанның батысы, оңтүстігі мен шығысында жауын-шашын болады, тек республиканың орталығында және солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, республиканың шығысында төменнен соққан бұрқасын күтілуде.
«Батыста: кей жерде жауын-шашын, тұман, жел 15-20 м/с. Түнгі температура 20 аяз-30 жылы, кей жерде 5-10 аяз, аймақтың оңтүстігінде 2-7 жылы, күндіз 0-5, кей жерде 10, оңтүстікте 160 дейін жылы; солтүстік-батыста: кезеңнің екінші жартысында кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ. Кей жерде тұман, жел 15-20 м/с. Түнгі температура 13-23, аймақтың оңтүстігінде 3-8 аяз, күндіз 0-10 аяз, оңтүстікте 70 дейін жылы; солтүстікте: жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман. Түнгі температура 15-230 аяз, күндіз 0-100 аяз; орталықта: жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, жел 15-20 м/с. Түнгі температура 10-25 аяз, күндіз 0-10 аяз, кей жерде 0-5 жылы; шығыста: кей жерлерде қар, тұман, төменнен соққан боран, жел 15-20 м/с. Түнгі температура 10-220 аяз, күндіз 0-120 аяз; оңтүстікте және оңтүстік-шығыста: бүкіл кезең бойы жауын-шашын, тұман, жел 15-20 м/с. Түнгі температура 2-130 аяз, күндіз 2-120 жылы», - делінген хабарда.
Синоптиктердің болжамы бойынша, мамыр айында ауа-райы тұрақсыз болады деп күтілуде: жылы және кейде жаз күніндей ыстық күндері қайта келген суыққа ауысып, түнде ауа-райы қатқақ суық болады деп күтілуде. Солай бола тұра, айдың басында және ортасында арктикалық теңіз суларының салдарынан туындаған суық ауа массалары дымқыл қарды шақыруы мүмкін.
Биылғы жаз ыстық болады деп күтілуде (1...2 ° C қалыпты нормадан жоғары) және негізінен құрғақ, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысын қоспағанда, кейде солтүстiк-шығыс аймақтарда, қатты найзағай температураның күрт өзгеруі, тіпті бұршақ болуы күтілуде. Күнілгері болжам бойынша қыркүйек салқын болады. Солтүстік және шығыс аймақтың тұрғындары қыстың алғашқы дайындығын айдың аяғында сезіне бастауы мүмкін.
Қазанда қазақстандықтар халық күнтізбесінде «қоңыр күз» деп аталатын, жайма шуақ ауа-райымен рахаттанады.
«Температура бойынша 65%, жауын-шашын бойынша 60 % дәлелділігін ескере отырып, мезгілдік болжамды консультациялық болжам ретінде қолдану керек, ол кейіннен айға, онкүндікке және одан да қысқа мерзімдерге арналған ауа-райы болжамдарымен нақтыланатын болады», - делінген.

