26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Лондондағы 24 қабатты ғимараттан шыққан өрт кезінде 65 адам із-түссіз жоғалып кеткен

16 маусым 2017 Қаралым: 2 635 Әлемде,  Оқиға
Getty Images
Фото: Getty Images

Алматы. 16 маусым. Ақпараттар орталығы. Лондондағы 24 қабатты ғимараттан шыққан өрт кезінде 65 адам із-түссіз жоғалып кеткен, деп хабарлады  "Хабар 24" ТА.

Ресми ақпар бойынша, қазіргі таңда 17 адам қайғылы жағдай құрбаны болған. Шамамен 80 тұрғын зардап шеккен, көбінің жағдайы ауыр.  

"Қауіпісзідік қалпына келтірілгесін, біз өрт себебін анықтай аламыз, тиісті тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Егер қандай бір сабақ алуымыз керек болса, оны да жасаймыз, барлық шаралар қабылданады", — деп мәлім етті Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй.

Еске салсақ, Солтүстік Кенсингтондағы Гренфелл-тауэрдегі өрт сәрсенбі күні түнде орын алған еді. Өртпен күресуге 40 өрт сөндіруші техника  мен  200-ден астам өрт сөндірушілер тартылды.  Құтқарушылар 100-ден астам отбасыны қауіпсіз жерге көшірді.  Олар уақытша қоғамдық орталықтарда, мешіттер мен шіркеулерге орналастырылды. 

Әзірге сарапшылар өрт себебін анықтай алмай жатыр. Мамандардың айтуынша, өрт болған жердегі жұмыстар бір аптаға созылуы мүмкін.  

Дереккөз: Хабар 24

Тағы оқыңыз