29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Маңғыстау облысының ардагерлері 9 мамырға Т220 мыңнан алады

3 мамыр 2017 Қаралым: 2 927 Қоғам
Маңғыстау облысының ардагерлері 9 мамырға Т220 мыңнан алады

Алматы. 3 мамыр. Ақпараттар орталығы. Маңғыстау облысының ардагерлері 9 мамырға 100 АЕК мөлшерінде, яғни Т220 мыңнан алады, деп  хабарлады облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Гүлмира Қалмұратоваға сілтеме жасаған ҚазТАГ.

«Маңғыстау облысында мекен ететін Ұлы Отан соғысының 39 ардагері Жеңіс Күніне мерекелік жәрдемақы алады. Биыл ол сома 226 мың 900 теңге болады. Тыл ардагерлері, олар бізде 900 адам, оларға 40 АЕК мөлшеріндегі, яғни 90 мың 760 теңгеден жәрдемақы беріледі», - деді Г.Қалмұратова.

Оның айтуынша, 9 мамырда дәстүрлі түрде жәрдемақыны еңбек майданына қатысқандар, соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер, Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің тұрмыс құрмаған жесірлері алады.

Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз