Мәсімов жұмыс сапарымен Қызылорда облысында жүр
Алматы. 7 шілде. Ақпараттар орталығы. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Ол қала мен облыстың елді-мекендерін аралауға ниетті.
Өз сапарын Мәсімов Байқоңыр қаласынан бастады, ол туралы өзінің твиттердегі аккуантында хабарлады: «Крайний» әуежайына келдім. Бүгін басқарылатын ғарыш кемесінің сәтті ұшырылымы болды».Бүгін мұнда жаңа сериялы «Союз МС» көліктік басқарылатын ғарыш кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран-тасығышы сәтті ұшырылды.
«Союз МС» КБҒК бортында МКС-48/49 ұзақ мерзімдік экспедициясының мүшелері ғарышкер Анатолий Иванишин, астронавт ДжАКСА Такуя Ониши және астронавт НАСА Кэтлин Рубинс бар. Ғарыш кемесінің стансамен қосылуы 2016 жылдың 9 шілдесіне жоспарланған.
Сосын премьер-министр қаланың әлеуметтік нысандарын аралады. Атап айтсақ, № 277 орта мектепте болды, онда облыс басшылығы Премьер-Министрге облыстың білім беру саласының жағдайы жайлы, оның ішінде Байқоңыр қаласындағы 6 мектептің қазақстандық оқыту стандартына көшуі туралы айтып берді. Жалпы қалада барлығы 14 мектепте 8 789 оқушы білім алады.
Сонымен қатар, ҚР әлеуметтік даму және денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цоймен және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысымен кездесті.
А. Цой атап өткендей, арнайы емдеу мекемесі бір ауысымда 100 келушіге есептелген консультативтік-диагностикалық емханасы бар 120 төсек-орындық көпбейінді қалалық аурухана болып табылады.
«Медицина мен білім беру саласы Байқоңырда қазақстандық стандартқа ауысты», – деп жазды ҚР Премьер-Министрі өзінің туиттердегі аккаунтында.
Бүгін жұмыс сапары аясында премьер-министр мұнда аймақтың және оған жапсарлас елді мекендердің дамуының бас жоспарымен танысып, орта мектепке, балалардың оқу-сауықтыру орталығына барады, Жақсықылыш кентінің тұрғындарымен жүздеседі.
Сонымен қатар Кәрім Мәсімов суармалы жерлердің су шаруашылығы инфрақұрылымын қалпына келтіру бойынша республикалық кеңес өткізеді. Сондай-ақ Аралға, аймақтағы АӨК, ШОБ қатысты және тағы басқа да өзекті мәселелерді талқылау көзделуде.


