26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Мәсімов лаңкестік әрекет кезінде жарақаттанғандарға барып шықты 

15 маусым 2016 Қаралым: 2 657
Мәсімов лаңкестік әрекет кезінде жарақаттанғандарға барып шықты 

Алматы. 15 маусым. Ақпараттар орталығы. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімшеге жасалған қарулы шабуыл кезінде зардап шеккендер ем алып жатқан ЖМКА-ға барды, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат». 

Үкімет басшысы науқастармен әңгіме барысында олардың денсаулықтарын сұрап, тезірек жазылып кетулерін тіледі. 
Сондай-ақ ақтөбелік дәрігерлер Кәрім Мәсімовтың қолынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар алды. Олардың қатарында хирург Әбді Жазылбек, анестезиолог Мәдина Сатарова, Қымбат Әлібекова, ЖМКА интенсивті терапия бригадасының дәрігері Ринат Бекмеев бар.
 

Қазіргі таңда жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында 4 адам емделіп жатыр, олардың қатарында екі әскери қызметкер, «Күзет» қызметкері және бір бейбіт тұрғын бар. Тағы 4 әскери қызметкер әскери лазаретке ауыстырылған.
 

5-6 маусымда ауруханаларға 18 адам түскен болатын, олардың 14-і қазіргі таңда үйлеріне шығарылды. 
Қалған 4-нің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.