26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Мұнай бағасының төмен болуы ҚМГ БӨ-ні дивидент төлемеуге мәжбүр етті

31 наурыз 2016 Қаралым: 3 074
Алматы. 31 наурыз. Ақпараттар орталығы. Компания ІРО-ға шыққалы бері алғаш рет Директорлар кеңесі қарапайым акцияларға дивиденд төлемеу туралы ұсыныс берді, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ баспасөз қызметінен.  

Сонымен қатар, артықшылықты акциялар бойынша акциясына 25 теңгені құрайтын жылдық кепілдендірілген ең төменгі дивиденд мөлшері төленетін болады. Бұл шешім 2016 жылдың 24 мамырында акционерлердің жалпы жылдық жиналысында Компания акционерлерінің бекітуіне жатады.

«Директорлар кеңесінің дивиденд төлемеу жөніндегі ұсынысы 2014 жылдың соңынан бері сатылатып жатқан мұнай бағасының күрт құлдырауының нәтижесінде Компанияның операциялық қызметінен түсетін қаржылық нәтижелері мен теріс ақша ағымына байланысты. ҚМГ БӨ негізгі активтерінің салықтық міндеттері мен мұнай өндірудің өзіндік құны жоғары болып қалып отыр», - делінген бейсенбідегі хабарда.

Тәуелсіз атқарушы емес директорлар 2015 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтің айтарлықтай көп мөлшерін және арнайы дивидендті төлеуді ұсынды. Директорлар кеңесі аталған ұсыныстарды қабылдамады.